2025–2026 оқу жылында «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы негізінде жоспарлы түрде іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.
2025–2026 оқу жылында «Адал азамат» тәрбие бағдарламасын басшылыққа ала отырып, білім алушылардың бойында адалдық, жауапкершілік, отансүйгіштік және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізілді. Аталған бағдарлама аясында сынып сағаттары, тәрбиелік әңгімелер, пікірталастар мен тақырыптық кездесулер ұйымдастырылып, оқушылардың азаматтық ұстанымын нығайтуға ерекше мән берілді.
Жүргізілген іс-шаралар барысында білім алушылардың қоғамға деген көзқарасы кеңейіп, адал еңбек ету, заңды құрметтеу және ұлттық құндылықтарды сақтау туралы түсініктері тереңдеді. Бағдарлама мақсаттарына сәйкес ұйымдастырылған жұмыстар оқушылардың тұлғалық дамуына оң әсерін тигізіп, саналы әрі жауапты азамат ретінде қалыптасуына ықпал етті.
02.09.2025; 08.09.2025; 22.09.2026 — аталған күндері жоспарға сәйкес іс-шаралар мен ашық тәрбие сағаттары өткізілді.