Бірлік пен ынтымақ бағытындағы тәрбие жұмыстары » «№216 жалпы білім беретін мектеп»
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№216 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(775) 183-65-17
Есепші бөлімі:
+7(775) 183-65-17
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бірлік пен ынтымақ бағытындағы тәрбие жұмыстары
01
желтоқсан
2025

Бірлік пен ынтымақ бағытындағы тәрбие жұмыстары

Қарастырылған кезеңде оқушылардың бірлік пен ынтымаққа деген көзқарасын қалыптастыруға бағытталған кешенді тәрбие жұмыстары өткізілді. Осы мақсатта сынып сағаттары, тренингтер, ақпараттық кездесулер және пікірталастар ұйымдастырылып, қатысушыларға бірліктің мәні мен ынтымақтың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді.

Жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде оқушылардың қоғамдық бірлікке, өзара көмек пен ынтымаққа деген қатынасы нығайып, тұлғалық дамуы мен әлеуметтік дағдылары жетілдірілді. Тәрбиелік жұмыстар мектеп қабырғасында бірігіп іс-әрекет етуге, достық қарым-қатынас орнатуға және ұжымдық жауапкершілікке баулу бағытында жүзеге асырылды.


«Елімнің ертеңі – Тәуелсіздік» атты мектепішілік тағылымды концерт болды. 
«Жаңа жыл кереметі» атты жаңа жыл мерекесі аталып өтті.
«Экологиялық калейдоскоп» электронды экологиялық ашықхаттар жалпықалалық челленджіне қатысты. 
Оқушыларға қысқы демалыс кезіндегі қауіпсіздік, пиротехника жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив